Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламның жан жарасы жүрегіме батады": Алматылық ана 12 жасар ұлының бір қадам басқанын зарыға күтуде

Опубликовано:

Еркебұлан Дүйсебаев
Еркебұлан Дүйсебаев. Фото: жеке мұрағат

Жалғызбасты ана Қаршыға Амантаеваның үлкен ұлы Еркебұланға ем іздеп жүргеніне 12 жылдан асты. Төрт баланы жалғыз асырап отырған әйел ұлының дертін жеңілдету үшін бар амалын жасауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қаршыға үлкен ұлы Еркебұланды Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде өмірге әкелді. Анасының айтуынша, кішкентай сәби сал ауруының ең ауыр түріне ұшыраған. Бүгінде Еркебұланның қатары мектепте білім алып жатыр. Ал ол болса, бір қадам басу үшін бар қиындықты басынан өткеруде.

"Ұлымның өз қатарына қосылуы қиын екенін жақсы түсінемін. Еркебұлан жүре алмайды, аяғындағы спастикасы жазылмай тұр. Сөйлей де алмайды. Мұның бәрі менің ана жүрегімді ауыртады. Бірақ қарап отырмай, ұлымның өмірін сәл де болса жақсарту үшін барымды салып жатырмын. Бүгінде Еркебұланның шамалы да болса қадам жасап, жүріп кетуіне мүмкіндік бар. Оған үлкен жаттығу аппараты керек және жүйелі түрде оңалту орталықтарында ем алуымыз тиіс. Осы қасиетті Рамазан айында барша мейірімді жандардан ұлыма көмек сұраймын. Баламның жан жарасын азайтуға көмектесіңіздерші", - дейді Қаршыға.

Қаршыға төрт баланы жалғыз асырауда. Оның кіші қызы да әлі күнге дейін сөйлемей, дамуында тежелу бары байқалды. Бүгінде ол ұлына қосып, қызын да дәрігерлерге емдетіп жүр.

Қазіргі таңда Еркебұланға жаттығатын аппарат алып, оңалту орталығында емделу үшін 700 мың теңге қаражат керек. Балалардың анасы мұндай ақшаны қайдан табарын білмей, көпшіліктен көмек сұрауда.

Еркебұланның қадам басып, жүріп кетуіне көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Gold тіркелген тел. номері: 8 705 602 49 19, Каршыга А.

Kaspi Bank есепшот номері: 44 00 43 01 08 02 10 95

Halyk Bank есепшот номері: 44 05 63 98 03 86 64 56

Анасы - Амантаева Қаршыға Мансұрқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2014873-balamnyn-zan-zarasy-zuregime-batady-almatylyq-ana-12-zasar-ulynyn-bir-qadam-basqanyn-zaryga-kutude/

pixel