jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Ақтауда ауызашарға барған он дәрігер астан уланып, шұғыл ауруханаға түсті

    Мейрамханада жайылған дастархан
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтаудағы мейрамханалардың біріне ауызашарға барған 10 дәрігер ауруханаға түсті. Бұл туралы Inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қаладағы пульмонолог дәрігерлердің бірі Индира Айтжанованың айтуынша, 10 сәуір күні ол түрлі емханадағы әріптестерімен ауызашарға шақырту алған.

    Ал 11 сәуір күні ауызашарға келгендердің басым бөлігінің жағдайы нашарлай бастайды. Олардың қатарында Атажанова да бар. Дәрігерлер Индираны бір аптаға ауруханаға жатқызды.

    "Ауызашарға елу адам шақырылған. Бәріміз бірдей тамақ жедік. Қазір нақты неден уланып қалғарнымызды айту қиын. Барлығы да ауызашардан соң өздерін жайсыз сезіне бастады", - дейді Индира Атажанова.

    Маңғыстау облыстық ауруханасың жұқпалы аурулар бөлімінің хабарлауынша, ауызашарға барған 16 адам астан уланып, алтауына амбулаторлық ем тағайындалған.

    "Он адамды ауруханаға жатқыздық. Науқастардың дене қызуы жоғарылап, құсып, іші өтіп, интоксикациялық синдром белгілері байқалды. Бұл ішек инфекциясының асқынған түрі. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы жағдайлары мен дене қызуы тұрақталды", - дейді бөлім меңгерушісі Гүлбану Нұржанова.

    Қазіргі таңда Ақтау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі аталған мейрамханаға қатысты тексеруді бастап кетті.

    Ақтауда ауызашарға барған он дәрігер астан уланып, шұғыл ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.