Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қосымша тағы 40 орын дайындалды": дәрігер Кентауда уланғандар саны көбеюі мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Аурухана
Аурухана іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Кентауда тағамнан уланған болуы мүмкін адамдар саны көбеюі ықтимал. Бұл туралы Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кентау қалалық орталық ауруханасы бас дәрігерінің ақпаратына сілтеме жасаған агенттіктің хабарлауынша, қазір ауруханаға келмей, үйлерінде емделіп жатқан науқастар бар.

Сондай-ақ бас дәрігер алдағы уақытта олар дәрігерлердің көмегіне жүгінуі мүмкін екенін, сол себепті қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінен қосымша тағы 40 орын дайындалғанын атап өткен.

"Науқастар чикен, пицца, суши жегенін айтуда. Барлығы 25-26 маусым күндері Кентау қаласындағы дәмханадан фаст-фуд өнімдерін жеген. Ішінде тапсырыспен үйлеріне алдыртқандар да бар. Олар дене қызуы жоғарылағанын, құсып, іші өткенін айтып шағымданған. Қазіргі таңда Кентау қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне 67 науқас жатқызылды. Оның ішінде 40 бала, 3 жүкті әйел бар. Барлығының жағдайы орташа ауыр. 25 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр", - дейді Асылбек Утебаев.

Кентау қалалық орталық ауруханасының мәліметінше, ертеңнен бастап жағдайлары жақсарған тұрғындарды ауруханадан шығару, әрмен қарай амбулаториялық емге жіберу жұмыстары жүргізілмек.

Айта кетейік, бұған дейін Кентауда дәмханаға барған 60-қа жуық адамның уланып қалғанын, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2026857-qosymsa-tagy-40-oryn-daiyndaldy-dariger-kentauda-fast-fudtan-ulangandar-sany-kobeyui-mumkin-ekenin-aitty/