Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иммунитетіңізді көтеріп, ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық балаларға қалай көмектесуге болады

Опубликовано:

Девушка в маске
Иллюстрациялық фото: freepik.com

Иммунитет – адам ағзасының күнделікті өмірде бетпе-бет келетін суық тию аурулары мен түрлі инфекциялардан қорғаудың табиғи механизмі. Ағзаның төзімділігін арттыруда D дәруменінің рөлі зор, деп хабарлайды Unipharm компаниясының өкілдері.

D дәруменінің қабынулар мен аурулардың асқыну қаупін азайтатын иммундық жүйені нығайтудағы рөлі өте маңызды. Өзге дәрумендерге қарағанда D дәрумені күн сәулесінің әсерінен ағзада өздігінен синтезделе алады. Алайда бұл үшін адам күн сайын тікелей күн сәулесінің астында 30 минуттан кем емес уақыт өткізуге тиіс.

Ультрафиолет сәулелері адам денесінің күйіп қалуына және диагностикасы қиынға түсетін тері обырына шалдығуына әсер ететінін де есте сақтаған жөн.

Зерттеулерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90 пайызға жуығы D дәруменінің тиісті мөлшерін алмайды. Оның тапшылығы шуақты күндер азайып, суық тиіп ауыру және вирустар жұқтыру қаупі көбейетін жылдың салқын мезгілдерінде айрықша білінеді.

Әлемдік дәрігерлер қоғамдастығы D3 дәруменінің тапшылығын арнайы препараттардың көмегімен толтыруға ұсынады.

Мұндай препараттың бірі - Қазақстан тұрғындарына арнайы жасалған «Детримакс Natural». «Детримакс Natural» - «халал» мәртебесі бар жалғыз D дәрумені. Оның құрамы тек табиғи компоненттерден тұрады. Капсулаларды өндіруде тағам өнеркәсібі стандарттарының барлық талабы мен «халал» стандартының исламдық ережелеріне сай келетін бұқа терісінен алынған желатин қолданылады. Бұдан бөлек өнімнің құрамында қандағы қант мөлшерін реттейтін омега-қышқылдар мен холестерин балансы үшін маңызды линоль және олеин қышқылдары бар.

«Детримакс Natural» өнімін сатып ала отырып, сіз «Болашақ» оңалту орталығындағы балаларға көмек бересіз. Сатылған өнімнің әр қорабынан 200 теңге «Дені сау балалар» қайырымдылық жобасы аясында «Болашақ» қорына аударылады. Аталған жоба Unipharm Laboratories Limited компаниясының қолдауымен, қормен және «Биосфера», «Зерде» және «Рауза» дәріханалар желілерімен бірлесе жүзеге асырылуда.

«Болашақ» қоры 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде ерекше қажеттілігі бар 600 000 балаға көмек қолын созған. Олар – БЦС, Даун ауруы, психикалық, физикалық дамуында тежелу бар, сөйлеу және мінез-құлқының бұзылуы, аутистік спектрдегі балалар. Айта кету керек, оңалту орталығындағы 21 күндік курс 416 мың теңге тұрады. Мұндай соманы ата-аналар іс жүзінде таба алмайды.

«Детримакс Natural» өнімін «Биосфера», «Зерде» және «Рауза» дәріханалар желісінен сатып алуға болады. Олар - кәсіби мамандар мен дәріхана бизнесінің алдыңғы қатарлы технологиялары бар жаңа буын дәріханалары. Мұнда сапалы тауарлардың түрлі ассортименті бар: тек дәрі-дәрмек қана емес, сонымен бірге күтім жасау, гигиена және өзге де көптеген тауар бар.

«Детримакс Natural» өнімін сатып ала отырып, денсаулығыңыз бен жағдайыңызды жақсартып қана қоймай, көмекке аса мұқтаж жандарға да көмек көрсетесіз.

*PR құқығында

Назар аударыңыз! Материал тек ақпараттық мақсаттарға арналған. Алдымен дәрігермен кеңеспей, онда сипатталған әдістерге жүгінбеу керек.

Витаминдер Detrimax
Сүрет: Unipharm

Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер АМ.01.48.01.003.R.000176.09.19 13.09.2019 ж.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2027308-immunitetinizdi-koterip-erekse-qazettilikteri-bar-qazaqstandyq-balalarga-qalai-komektesuge-bolady/

pixel