Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір аяғым көрде болды": алматылық дәрігерлер моншада есінен танып, ыстық пешке құлаған ер адамды аман алып қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем көліктері
Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматыдағы №4 қалалық ауруханасының комбустиологтары моншадағы ыстық пешке құлаған ер адамның өмірі үшін күресіп, оны аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, науқастың денесін 50 пайыз күйік шалған. Алматылық дәрігерлер азаматты аман алып қалу үшін қолдан келгеннін бәрін жасаған.

"Науқас өте ауыр жағдайда түсті, сондықтан бірден жансақтау және қарқынды терапияның анестезиология бөліміне жатқызылды. Жансақтау бөлімінде күйікке қарсы "Редактрон" төсегімен жабдықталған мамандандырылған палата бар. Науқас үшін жеке пост қойылды, біз қолдан келгеннің бәрін жасадық", - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков.

Жандос Дәулетбековтың айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде 41 күн жатып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін аурухананың күйік бөлімшесіне ауыстырылған.

"Оған біріккен жарақат. Дененің оң жағының S=50%(30%)/I-II-IIIa-IIIб-IV дәрежелі термиялық күйігі диагнозы қойылды. Бір мезгілде аутодермопластикамен 5 некректомия операциясы жасалды, тері ауыстырылды. Міне, 77-ші күні науқастың жағдайы жақсарып, оны үйіне шығарып жатырмыз", - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың күйік аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.

Дәрігердің сөзінше, Григорийдің ес-түссіз күйде қызып тұрған пеште қанша уақыт жатқаны белгісіз. Өз кезегінде алматылық азамат өмірін сақтап қалуға атсалысқан медицина қызметкерлеріне шексіз алғысын айтты.

"19 сәуірде мен ауыр күйікпен жансақтау бөліміне түстім, бір аяғым көрде болды. 40 күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін бөлімшеге ауыстырылдым, менің өмірім үшін көп адам күресті, оларға алғысым шексіз, солардың арқасында мен бүгін тірімін. Күні бойы қасымда кезекшілікте болған дәрігерлеге, медбикелерге рахмет. Осы кісілердің арқасында өз аяғыммен үйге қайтып барамын. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын", – дейді Григорий Лосецкий.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2028500-bir-ayagym-korde-boldy-almatylyq-darigerler-monsada-esinen-tanyp-ystyq-peske-qulagan-er-adamdy-aman-alyp-qaldy/

pixel