Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы шахтадағы өрт: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

медициналық мекеме
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрт кезінде зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өсті. Дәрігерлер олардың қазіргі жағдайын айтты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

"Қазақстан" шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді.

Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды", – дейді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.

Сондай-ақ зардап шеккендердің төртеуі Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген, оларға алғашқы көмек көрсетілген. Алдағы уақытта оларды Мақажанов клиникасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстыру жоспарлануда.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен сегментінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, тағы бес қызметкерді бес құтқарушы бөлімшесі іздеп жатыр. Іздестіру жұмыстарын шахта ішіндегі қатты түтін қиындатуда.

Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2032902-qaragandy-oblysyndagy-saxtadagy-ort-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel