jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандықтар көбіне қандай аурудан қайтыс болады

    аурухана
    Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Отандастарымыз жиі шалдығатын ауру түрлері белгілі болды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды.

    "2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы ауруға шалдығу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеп, 48301,40 құрады. Соңғы жылдары азаматтар көбіне тыныс алу органдары ауруларына жиі ұшырайды (2021 жылы – 21964,12, 2022 жылы – 18883,3).

    Екінші орында - ас қорыту жүйесінің аурулары (2021 жылы – 3981,2, 2022 жылы – 3691).

    Отандастарымыз жиі шалдығатын келесі дерт қан айналымы жүйесіне қатысты (2021 жылы – 3000,6, 2022 жылы –2759,6)", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі берген жауапта.

    Сондай-ақ, аталған ведомство ұлттық статистика бюросының биылғы 6 айдағы өлім-жітім жайлы мәліметін ұсынды.

    "Өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 9,3% төмендеді. Өлім-жітімге жиі алып келетін - қан айналым жүйесі аурулары. Аталған дерттен биыл 6 айда 147,22 адам қайтыс болған. Екінші орында - қатерлік ісік түрлері, биыл жарты жылда 66,13 өлім тіркелді. Үшінші кезекте тыныс алу органдары аурулары, ол 64,42 адамды өлімге алып келген", - дейді министрліктен.

    Айта кетсек, биыл жарты жылда медицина сапасына 4,6 мыңнан астам шағым түскен.

    Қазақстандықтар көбіне қандай аурудан қайтыс болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.