jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте көпбалалы анаға сіңлісі донор болып, бір бүйрегін берді

    Науқас
    Бүйрек трансплантациясы жасалған науқас. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Шымкент тұрғыны өзінің туған әпкесіне донор болып, бір бүйрегін берді. Бүйрек трансплантациялау отасы 1 қалалық клиникалық ауруханасында жасалды. Көпбалалы анаға донор болған сіңлісі бүгін ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Шымкент қаласының 37 жастағы тұрғыны алты жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Науқас бүгінге дейін аппаратпен өмір сүріп келген. Аты-жөнін жария еткісі келмеген сіңлісі әпкесінің дертіне дауа болуды ғана ойлағанын айтады.

    "Әпкемнің аппаратқа тәуелді болмай, құлан таза айығып кетуін тілеймін. Отадан кейінгі жағдайым жақсы. Дәрігерлерге алғыс айтамын", - дейді 33 жастағы донор.

    Бүйрек ауыстыру операциясы Шымкенттегі 1 клиникалық қалалық ауруханасында жасалған. Төрт баланың анасы ағза ауыстыру отасынан соң гемодиализге тәуелдіділіктен құтылғанына қуанады.

    "Отаны тамыздың 25-де жасады. Өзімнің туған сіңлім донор болды. Бүгін ауруханадан шықты. Қуанып тұрмын. Бауырыма да, ақ халаттыларға да алғысымды білдіремін! Аппаратсыз өмір сүрген қандай керемет", - дейді ол.

    Күрделі операцияны білікті хирург Рақымжан Жолдасбеков жасаған. Мамандар бүйрегін ауыстырған көп балалы ана тағы да бір апта дәрігерлердің бақылауында болады дейді.

    Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков науқастың отадан кейінгі қал-жағдайын білу үшін арнайы ауруханаға келді.

    дәрігерлер
    Науқастың жағдайын сұраған дәрігерлер. Фото: KAZ.NUR.KZ

    "2013 жылдан бері ауруханада Мади Хожаұлының бастамасымен мұнда ағза алмастыру отасы жасалып келеді. Кореядан, Белоруссиядан мамандар келіп, осында шеберлік сабағын өткізді. Мұнда негізінен бүйрек алмастыру отасы жасалып келеді. Бауырға да жасалады", - дейді басқарма басшысы.

    Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2013 жылдан бері бұл қалалық клиникалық ауруханада 205 бүйрек және 32 бауыр алмастыру операциясы жасалған. Білікті дәрігерлер командасы қажеттілік болса, мәйіт трансплантациясын жасауға да дайынбыз дейді.

    Шымкентте көпбалалы анаға сіңлісі донор болып, бір бүйрегін берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.