Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы үш ауылда бірнеше адам газдан уланып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысының үш бірдей ауылында бірнеше адам газдан уланып, ауруханаға түсті. Ауыл тұрғындары кеше кешкілік өткір газдың иісіне шағымданған. Балалар тоқтаусыз құсып, жедел жәрдем шақыртқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ кентінің тұрғындары жағдай туралы әлеуметтік желіде жазды, олар өткіз газ иісіне шағымданған. Газ станциясындағы жөндеу жұмыстары кезінде газ иісі үш бірдей ауылға тараған.

Ақтөбе облысы әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, 4 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 20.00 шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындары тарапынан газдың өткір иісі туралы шағымдар түсе бастаған.

"Шұбарши ауылындағы газ тарату станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоспарлы түрде толық тоқтатылды.

Ережеге сәйкес газды тоқтатып, ашатын кранды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарынан кейін күшті иісі бар "Одорант" деп аталатын газ жіберіледі.

Жергілікті тұрғындардың шағымдары түскеннен кейін "Техногаз" ЖШС мамандары Кеңқияқ, Саркөл ауылдарының тұрғын үйлерін аралап шықты. Нәтижесінде газдың таралу деректері анықталған жоқ", - делінген Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Ауылдық ауруханаға 8 тұрғын көмек сұрап жүгінген. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгені хабарланды.

"Сегіз тұрғын ауруханаға қаралды. Оның төртеуі үйілеріне жіберілді, төртеуі бақылауда. Жағдайлары қанағаттанарлық. Дәрігер қарап, жағдайлары жақсы болса үйлеріне жіберіледі", - дейді Темір ауданы ауруханасының бас дәрігері Сержан Жанахметов.

Үш бірдей ауылға газ тарау оқиғасына байланысты экология, СЭБ және ТЖ департаменттері жұмыс істеп жатыр.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2035309-aqtobe-oblysyndagy-us-auylda-birnese-adam-gazdan-ulanyp-auruxanaga-tusti/

pixel