Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Науқас бір күнде 52 тісін емдеткен": МӘМС төрағасы МӘСМ аясындағы олқылықтар туралы айтты

Опубликовано:

Қағаз толтырып отырған медицина қызметкері
Қағаз толтырып отырған медицина қызметкері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан МӘСМ аясындағы олқылықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінші, биыл алғашқы жартыжылдықта МӘМС аясында 22 885 жалған жазба анықталған. Яғни, дәрігерлер науқас ем алды деп көрсетеді, алайда шын мәнінде ол адам медицна маманының қабылдауына өзі еркімен жазылмаған.

"2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 212,4 млн теңгеге 22,9 мың жалған жазба анықталды. Олардың ішінде пациенттерге бір күнде бірнеше рет стоматологиялық қызмет көрсету фактілері бар. Мысалы, бір науқас бір күнде 52 тісін емдеткен. Яғни, орындаушылар көрсетілген қызметтер санын көбейтіп жаза берген.

Сол сияқты 1 қызметкер 1 600 мыңнан астам массаж қызметін көрсетті деп жазылған. Яғни, ол күніне ұзақтығы 30 минуттан 80 рет массаж жасап отырған. Ал есептеп қарасақ, бұл үшін оған күніне 40 сағат үзіліссіз жұмыс істеу керек емес пе?!", - дейді Ілияс Мұхамеджан.

Сондай-ақ ол ауруханада емделіп жатқан науқастарға бір мезгілде емханада диагностикалық қызмет көрсетілгені туралы фактілер анықталғанын атап өтті.

Бұған қоса, қайтыс болған адамдарды тіркеу, марқұмдарға дәрі-дәрмек тағайындау жағдайлары да әшкере болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2035620-nauqas-bir-kunde-52-tisin-emdetken-mams-toragasy-masm-ayasyndagy-olqylyqtar-turaly-aitty/

pixel