jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада ДДСҰ делегациясы "Қара жорға" биін биледі

    "Қара жорға" биін билеп жатқан ДДСҰ делегациясы
    "Қара жорға" биін билеп жатқан ДДСҰ делегациясы. Видеодан кадр: instagram.com/healthcare.gov.kz

    Елордада ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің делегаттары бой жазу жаттығуы кезінде "Қара жорға" ұлттық биін биледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі ресми парақшасында жарияланған видеодан конференция кезінде залда отырғандардың барлығы орындарынан тұрып "Қара жорға" биін билеп жатқанан байқауға болады.

    Сондай-ақ ДДСҰ делегаттарының да сахнада билеп жатқанын көруге болады.

    Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, осы аптада Астанада медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция мен ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өткен. Іс-шараға ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетіне мүше мемлекеттердің мамандары, сондай-ақ серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысқан.

    Астанада ДДСҰ делегациясы "Қара жорға" биін биледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.