jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысындағы сібір жарасы анықталған екінші адам жансақтау бөліміне ауыстырылды

    Науқас
    Науқас. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағанды облысында сібір жарасы диагнозы расталған тағы бір пациенттің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған. Бұл туралы Kazinform Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, бүгінгі таңда сібір жарасы диагнозы расталған екі пациент ем алып жатыр.

    "62 жастағы пациентте түйнеменің терідегі түрі тіркелген. Тері-қабыну синдромының күшеюіне және ісіну көлемінің ұлғаюына байланысты реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды.

    Екінші науқас 41 жаста, инфекция орталығының нейробокс бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Толық көлемде ем алып жатыр", — дейді Бибігүл Төлегенова.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы Топар кентінде үш адамнан сібір жарасы анықталған болатын. Тағы екі адамды дәрігерлер бақылауына алған еді.

    Кейін сібір жарасын жұқтырғандардың бірі көз жұмғаны белгілі болды.

    Қарағанды облысындағы сібір жарасы анықталған екінші адам жансақтау бөліміне ауыстырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.