Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екінші рет қатерлі дертке шалдыққан келіншек қазақстандықтардың көмегіне мұқтаж

Опубликовано:

Гүлдана Келтірбай
Гүлдана Келтірбай. Фото: жеке мұрағатынан

Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны Гүлдана Келтірбай өмір үшін күресіп жатыр. Осыдан бес жыл бұрын қатерлі дертті жеңген келіншек қайтадан ауыр сырқатқа шалдықты. Гүлданаға дәрігерлер жілік майын ауыстыру керек екенін айтуда. Қымбат операция Түркияда жасалады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлдана Келтірбай қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істеп жүрген. Отбасылы келіншек былтыр күзде жаман ауруға шалдыққанын біледі.

"Мен 2017 жылы да ақ қан ауруына шалдығып, бір жыл дегенде қатерлі дертті жеңген едім. Ол кезде колледжде оқимын. Группаластарым да, ұстаздарым да менің сырқатымды естігенде қатты жабырқады. Ата-анам мен бауырларымның еңсесі түсіп кетті. Бірақ маған ештеңе білдірмей, көңілімді көтеріп, ракты жеңуіме көмектесті. Сол сәтте қазіргі күйеуіммен сөз байласып жүргенбіз. Оған бар жағдайымды айттым. Өміріме қауіп төніп тұрғанда ол мені тастап кетпей, қасымнан табылды. Осылайша 2018 жылы рактан толық жазылып, тұрмысқа шығып, балалы болдым. Қазір ұлым төрт жастан асты", – дейді Гүлдана.

Гүлдана отбасымен бірге ұлының қызығына тоймай, бақытты күн кешіп жатты. Барлық қиындық, азапқа толы күндер артта қалғандай көрінген. Бірақ жаздың соңына қарай ол өзін қатты әлсіз сезініп, жиі ауырып қала береді.

"Қайта-қайта жедел жәрдем шақыруымен болдым. Дәрігерлер анализді тексере келе мендегі рак жасушаларының қайтадан өсіп кеткенін анықтады. Негізі рак жасушалары 5 пайыздан төмен болуы қажет. Ал менде 63 пайызға жеткен. Ең алдымен ұлымды ойладым. Әлі жан-жағын танып та үлгерген жоқ. Аузынан ана сүті кеппеген. Қасынан жырақтап көрмеп едім, қазір баламның болашағы үшін де ауыр сырқатпен күресіп жатырмын. Мүмкін мен мықты адам болғасын Алла осындай дертті жіберген шығар. Енді маған жілік майын ауыстыру қажет. Бұл отаны Түркияда жасатсақ деген жоспарымыз бар. Бірақ қаражат жетпейді. Дәрігерлер келіп, қаралуды сұрап жатыр. Шамамен 20 миллион теңгедей қаражатты қажет етеді. Қазір қолымызда соның жартысы яғни 10 млн теңге жиналды. Осы орайда қайырымды жандардан көмек сұраймын", – дейді Гүлдана.

Қаражат жиналса Стамбул университеті жанындағы Medical park клиникасының мамандары ота жасауға келісіп отыр.

Реквизиттер:

Kaspi Gold: 5169 4971 9171 1658

Телефон нөмірі: 8 705 808 88 69 ( Гүлдана Келтірбай )

Halyk bank

4405 6397 7317 0616

Гүлдана Келтірбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2043947-almaty-oblysynda-ekinsi-ret-qaterli-dertke-saldyqqan-kelinsek-qazaqstandyqtardyn-komegine-muqtaz/

pixel