Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға қызылшаға қарсы 500 мың дана вакцина жеткізілді

Опубликовано:

Алматыға жеткізілген вакциналар
Алматыға жеткізілген вакциналар. Фото: gov.kz

Бүгін, 23 қарашада Алматыға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін 500 мың доза мөлшерінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы (ҚҚП) вакцина партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайты.

Ведомство ақпараты бойынша, Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданған.

Тұрғындардың арасында қызылша инфекциясының одан әрі таралуын алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитария дәрігері егу мәртебесіне қарамастан балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу жөніндегі қаулыға қол қойды.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау үшін вакцинаның қосымша көлемін сатып алуды пысықтады. Жалпы қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін ҚҚП-ға қарсы 1,5 млн астам вакцина сатып алынған.

Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (ДСМ СЭБК) жеткізілген вакцина шұғыл түрде ел өңірлеріне жіберілетінін мәлімдеді. Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттарды барлық талапты (GMP және GDP стандартын, "суықтық тізбегіні") сақтай отырып жеткізеді.

Тұрғындарды вакцинациялау үшін Serum Institute of India шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны өндіруде ДДҰ алдын ала квалификациялаудан өткенін айтты, сондықтан өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік бар. Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады.

Биыл елімізде, әлемнің көптеген елдеріндегідей, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Қызылша – инфекцияның таралуы ауа тамшылары арқылы болатын жұқпалы вирустық инфекциялардың бірі. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі ел халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.

Бірінші кезекте 6 айдан 11 айға дейінгі балалар иммундауға жатады. Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарланған.

Қызылшаға қарсы профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес біздің елде жоспарлы түрде екі рет егілетінін: бала алғашқы егуді 12-15 айлығында, екіншісін - 6 жасында алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2047197-almatyda-qyzylsaga-qarsy-500-myn-dana-vakcina-zetkizildi/

pixel