Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 жыл бала күткен оралдық әйел ауыр дертке душар болды

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі фото: pixabay.com

32 жастағы келіншек ауруы асқынып, арты қатерлі ісік ауруына ұласқан. Қазір қауіпті кесел өкпесін зақымдап жатқан көрінеді. Келіншектің анасы бұған дәрігерлерді кінәлайды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Сақыпжамал Дүйсәлиева дені сау қызымды дәрігерлер дертті қылды дейді. Оның айтуынша, сәби сүюді 15 жыл зарыға күткен қызы ақыры ЭКО жасататын болыпты. Бірақ жағдайы нашарлағанда көмек сұрап барған дәрігері жатырын кесіп алып тастаған.

"Олар гормон дәрілерді беріп-беріп, басында ісік болған. Олар соны қанша... бір түсті, екі түсті. Бес рет түскен екен. Бес рет түскеннің ішінде олар ең болмағанда бір тексеруден өткізбей тұр ғой. Сол кезде тексеруден өткізгенде біліп, химия алып, сақтап қалуға болатын еді. Мінеки осы дәрігерлердің кеткен қателігі осы", - дейді науқастың анасы Сақыпжамал Дүйсәлиева.

Ал науқасты ажалдан құтқардым деген дәрігер Әйгерімнің анасына өкпелі. Өйткені келіншектің өзі ауыр дертке шалдыққанын білсе де, уақытылы тексерілмеген, емделмеген.

"Науқастан "хорионэпителиома" деген кесел анықталды. Обырдың бұл түрі жүкті әйелде кездеседі. Егер ол бала көтермесе, мүлдем ауырмас еді. Жиі-жиі қан кетті. Бізге алтыншы рет келгенінде жатырын алып тастамаса, жағдайы қиындайтынын ескерттім. Операция кезінде жатырдағы обыр асқынғанын анықтап, облыстың бас онкологын алдырттым. Ақыры ауру мүшені алып тастадық. Әйтпесе өліп қалуы мүмкін еді", - деп пікір білдірген "Меодорталық" ЖШС гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Алик Истаев.

Бірақ Әйгерімнің жағдайы операциядан кейін де оңалмаған. Кесел өкпеге шауып кеткен. Кеңес берген шетелдік мамандар да жағдай қиын екенін ескертіпті. Бұған ашынған анасы кінәлілердің қатаң жазалануын талап етіп отыр. Ал фармбақылау департаменті бұл даулы істі тексеру қорытындысы 15 желтоқсанда шығатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2047903-15-zyl-bala-kutken-oraldyq-aiel-auyr-dertke-dusar-boldy/

pixel