Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Емханаға 5 жасар немеремді апардым": министр қызылшаға қарсы екпенің қауіпсіздігі туралы айтты

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықтың қызылшаға қарсы вакциналарға деген сенімін арттыру үшін қандай шаралар қабылдағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният қазақстандықтардың көпшілігі қызылшаға қарсы вакциналарға сеніммен қарайтынын айтты.

"Жалпы халықтың сенімі бар, бұл 10 ай ішінде жоспарлы вакцинацияға келмеген аз ғана үлесі, айталық, 10 пайыз. Бұл антиваксер деп аталып кеткен кейбіреулерді тыңдайтындар. Діни себеппен бас тартатындар. Күмәнданатындар бар және жеткілікті түрде түсіндірсе, олар вакцинацияға келіседі.

Сондықтан негізінен кішкентай балалар зардап шегетінін ескерсек, біз қазір ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізіп жатырмыз, бұл жұмысты мен өзім бастадым, 5 жасар немеремді емханаға алып келдім, вакцинаның қауіпсіз, тиімді екенін мысалмен дәлелдей аламын, сенуге болады", - деді ол.

Министрдің айтуынша, оның немересі 9 жаста және 6 жасында вакцина салдырған.

"Кіші немерем 5 жаста екпе алған. Төртінші күні оның дене қызуы көтерілді, құсты, дәрігерлер оны вакцинацияға реакциясы ретінде бағалады. Бір күннен кейін бұл белгілер жойылды. Сондықтан қалай болғанын айна-қатесіз айтып отырмын. Мұндай реакциялар болуы мүмкін", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Еске салайық, кеше денсаулық сақтау министі елдегі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндаған еді. Оның мәліметінше, елде қызылша жұқтырған 30 бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2048246-emxanaga-5-zasar-nemeremdi-apardym-ministr-qyzylsaga-qarsy-ekpenin-qauipsizdigi-turaly-aitty/

pixel