jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Павлодар облысында көкжетел жұқтырғандар көбейген

    Жөтеліп жатқан әйел
    Жөтеліп жатқан әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар облысында биыл көкжетел жұқтырғандар көбейген. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Батырбек Әлиевтің айтуынша, былтыр бұл жұқпалы ауру бойынша сырқаттанушылық тіркелмеген. Биыл облыста көкжөтел жұқтырған 30 адам тіркелген.

    "Ауру жұқтырғандар ішінен 28-і екпе алмаған болып шықты. 2022 жылы бірде-бір науқас болмаған. Аурудың күрт көбейіп кетуі екпеден бас тартумен байланысты болып отыр. Баланы көкжөтелден тек екпе арқылы қорғауға болады", - деді Батырбек Әлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

    Басылым мәліметінше, көкжөтелге қарсы ресейлік жасушасыз вакцинасы пайдаланылады. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екі айлық жастан бастап барлық балаларға көкжөтелге қарсы егіледі. Ревакцинациялау алты жаста жүргізіледі.

    Павлодар облысында көкжетел жұқтырғандар көбейген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.