Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны 60-тан асты

Опубликовано:

Аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер саны 67-ге жетті. Оның ішінде алты және жеті айлық сәбилер де бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің Telegam-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, 23 қаңтар сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-сі бала. Сегіз адам ауруханаға жатқызылған (үш ересек және 5 бала), қалғаны барлық қажетті тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Үш ересек адам Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында. Олардың бірі отадан кейін жансақтау бөліміне жатқызылған, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Екі тұрғын травматология және ортопедия бөлімшесінде ем алуда, жағдайы орташа ауыр.

Ал балалар жедел медициналық жәрдем орталығында төрт бала: 6 және 7 айлық, 7 және 16 жастағы балалар медициналық көмек алып жатыр.

"Олардың бәрі жарақатты үйде құлаған кезде алған. Сәбилерге келетін болсақ, бір сәби анасының қолынан түсіп кеткен, екіншісі бесіктен құлап кеткен. Барлық баланың жағдайы орташа тұрақты деп бағаланып отыр. Олар нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Хирургиялық ота жасалмады, емі консервативті болды.

ЖРВИ диагнозы қойылған 17 жастағы бір бала Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Одан бөлек, 23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2057106-almatyda-zer-silkinisinen-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-turaly-aqparat-syqty/

pixel