Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа министр Денсаумин МӘМС-тен бас тартпайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Ақмарал Әлназарова
Ақмарал Әлназарова. Фото: gov.kz

Сенат кулуарында жаңа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "ешбір жағдайда міндетті медициналық сақтандырудан бас тартуға болмайтынын" айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жоқ, ешбір жағдайда міндетті медициналық сақтандырудан бас тартуға болмайды. Бұл айқын ұстаным, тағы бір мәселе, бұл жүйеге қатысты халық арасында көптеген сұрақ бар екенін түсінемін, бірақ бізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзі керек. Енді оның жұмысын қайта қарау керек деген мәселе туындайды, біз қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз, кеше мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмысты бастадық.

Расында да, бүгінде медициналық ұйымдарға жіберілетін ақша ағынын жеңілдету керек, өйткені медицина қызметкерлері, ұйымдар үшін белгілі бір қиындықтар бар, бұл медициналық көмек көрсету санына әсер етіп жатқаны белгілі", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, алғашқы шешімдер қазақстандықтардың арыз-шағымын азайтуға және наразылықтың себептерін түсінуге бағытталған.

Айта кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев "медициналық көмектің сапасы айтарлықтай жақсарды деп айтуға болмайтынын, көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес екенін" атап өтті.

"Бұдан бөлек көп жағдайда ресурстар тиімсіз жұмсалады. Соның салдарынан бұл салаға қосымша қаржы бөліп, бюджетке салмақ салуға тура келеді. Үкімет медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін қатаң бақылауға алуы керек. Бұл жүйе қарапайым әрі түсінікті болуға тиіс", - деді президент.

Бұған дейін Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ең жоғары жарна мөлшерін бес есеге арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын, бірақ бұл тек жалақысы 850 мың теңгеден жоғары қызметкерлерге әсер ететінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2059875-zana-ministr-densaumin-mams-ten-bas-tartpaitynyn-aitty/

pixel