jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тойдан қайтып бара жатқан ресейлік дәрігер Ақтау бағытындағы ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды

    Ресейлік дәрігер Севиндж
    Ресейлік дәрігер Севиндж. Фото: mangystaumedia.kz

    Ресейлік дәрігер "Ақтау-Астана" бағыты бойынша ұшқан ұшақ бортында жолаушыға медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.

    Басылым ақпаратынша, "Ақтау-Астана" бағытындағы ұшақ бортында жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, ауырып қалған.

    Бортсеріктің өтінішіне Челябинск қаласының тұрғыны, фельдшер Севиндж жауап берген. Ол күйеуімен бірге Ақтаудағы жиенінің үйлену тойынан қайтып бара жатқан.

    Куәгерлердің айтуынша, Севиндждің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында жолаушы Астанаға аман-есен жеткен.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Екібастұзда оқушылар кәріз құдығына құлап кеткен баланы құтқарып қалған болатын.

    Тойдан қайтып бара жатқан ресейлік дәрігер Ақтау бағытындағы ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.