Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда дүкенде газ жарылды: зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: ТЖМ

Теміртауда бүгін таңертең екіқабатты дүкенде газ жарылып, ғимарат қирады. Үйінді астынан шығарылған әйел адамның қазіргі жағдай белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ахметжанов Ақылбек оқиға орнынан мәлімдеме жасады.

"Біздің құтқарушылар үйінді астынан бір адамды алып шықты. Ол қазір Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр. Әйелдің айтуынша, үйінді астында ер адам болуы мүмкін. Біздің құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Іздестіру жұмыстарына кинологтар да қосылды", - деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ахметжанов Ақылбек.

Айта кетейік, бүгін Теміртаудағы дүкенде газ жарылысы болды. Ғимарат өртке оранып, опырылған. Сондай-ақ үйінді астынан әйел адам шығарылып, бір адам іздестіріліп жатқанын хабарланған еді.

Сонымен бірге ТЖМ үйінді астынан әйелдің денесі шығарылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2061087-temirtauda-dukende-gaz-zaryldy-zardap-sekken-aieldin-zagdaiy-belgili-boldyvideo/