Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр дертке шалдыққан түркістандық алты жасар қыздың анасы министрден көмек сұрады

Опубликовано:

Аружан Раталының анасы
Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Түркістан облысының тумасы алты жасар Аружан Раталыға дәрігерлер қатерлі ісік диагнозын қойған. Аружан екі аптадан бері Шымкенттегі облыстык балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Анасы перзентін Астана қаласындағы "Ана мен бала" орталығына апарып емдеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Науқас баланың анасы Денсаулық сақтау министрлігінен жәрдем сұрап видео жолдады. Бейнежазба журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында пайда болды. Анасының айтуынша, алты жасар Аружан Раталы екі аптадан бері Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бала қатерлі ісікке шалдыққан. Аружанның ата-анасы бүлдіршіннің Астана қаласындағы "Ана мен бала" ұлттық орталығында емделгенін қалайды. Алайда, анасының айтуынша, орталық алты жасар Аружанды емге алмай отырған көрінеді. Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан көмек сұрайды. 

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері портал тілшісіне жағдайды түсіндірді.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, баланың жағдайы нашарлауына байланысты республикалық санитарлық авиация арқылы Астанаға ауыстыру мүмкін болмаған. Ақпанның 26-нан 27-не қараған түні негізгі ауруына байланысты баланың жағдайы нашарлап, жасанды өкпе аппаратына қосылған. 

 "Баланың жағдайына байланысты пациентке республикалық санитарлық авиация жүйесі бойынша UMC-дан және Ұлттық нейрохирургиялық орталығынан мамандарының консультациясы ұйымдастырылады. Симптоматикалық терапия жүргізіліп жатыр. Екі рет телемедицина арқылы  республикалық  орталықтардың нейрохирург, онколог мамандарының кенесі алынды.  Тиісті ем шаралары жүргізілуде. Баланың жағдайына байланысты пациентке республикалық санитарлық авиация желісі бойынша UMC мамандарының консультациясы ұйымдастырылуда", - делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2063408-auyr-dertke-saldyqqan-turkistandyq-alty-zasar-qyzdyn-anasy-ministrden-komek-surady/

pixel