jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейде 12 башпайы бар сәби дүниеге келді

    Нәресте
    Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ресейде аяғында 12 башпайы бар нәресте өмірге келді. Бұл туралы ресейлік Перинаталдық орталықтың желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұл ерекше жағдай өткен жылы Уфа қаласындағы Республикалық перинаталдық орталықта болған.

    Орталық өкілдерінің мәлімдеуінше, ерекше бала 4 кг болып туылған, анасы бірден дәрігерлерге: "Саусағын санаңыздар, көп болуы керек" деген. Расымен баланың аяғында 12 саусақ болған. Анасы етжеңді болғандықтан, бала бойындағы ерекшелікті УЗД аппаратынан көру мүмкін болмаған.

    Бұл бала отбасындағы үшінші ұл болып өмірге келген. Ол да алдындағы екі ағасы сияқты кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Бұған қоса отбасындағы барлық балаларда туа біткен полидактилия болған, яғни әр аяғында қосымша саусақтан бар, бұл ерекшелік балаларға анасынан берілген.

    Екі үлкен баласына анасы бір жасқа толғанда Санкт-Петербургте ота жасатқан екен. Дәрігерлер қазір ол балалардың басқа балалардан еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Бұл балаға да көп ұзамай ота жасалмақ.

    Ресейде 12 башпайы бар сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.