Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көмек сұрауға мәжбүрміз": Алматы облысында ауыр дертке шалдыққан жеті жасар қыздың еміне шұғыл түрде 2 млн теңге қажет

Опубликовано:

Әсел Орынбасар
Әсел Орынбасар. Фото: Жеке мұрағаттан

Алматы облысы Іле ауданында тұратын Ирода Абдухаликова жеті жасар қызы Әсел Орынбасар үшін көптен көмек сұрайды. Келіншектің сөзінше, 26 аптасында өмірге келген Әселге 4-дәрежедегі гидроцефалия, целебральды сал ауру (ДЦП), психикалық дамуының тежелуі (ЗПР) диагнозы қойылған. Баласының аяққа тұрып кетуінен үмітті ата-ана оның шетелдегі еміне 2 млн теңге қажет екенін айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әсел Орынбасар Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында тұрады. Бүгінде 1-сыныпта оқитын Әселді анасы аптасына екі рет мектепке апарады.

Ирода Абдухаликованың айтуынша, отбасының төрт баласы бар, ал Әсел – үшінші перзенті. Келіншек Әселді жүктіліктің 26 аптасында, мерзімінен бұрын босанған. Сәби 1130 кг салмақпен дүниеге келген.

"Туыла салысымен бізде туа бітті гидроцефалия болды. Бастапқыда екінші дәрежелі, одан кейін бірден төртінші дәрежелі бола бастаған соң, салмақ қосамыз деп шунт қойдық. Осылайша, ауруханадан 8 айлығында бір-ақ шықтық. Біздің толық диагнозымыз – 4-дәрежелі гидроцефалия, целебральды сал ауру (ДЦП), психикалық дамуының тежелуі (ЗПР)", - деді келіншек.

Әселдің анасының айтуынша, күйеуі екеуі перзентін үнемі емдетіп келеді. Тіпті, Қазақстаннан бөлек Түркияға барып та емделген.

"Барлық жерге барып, қолымыздан келгенше емдетіп жүрміз. Қызылордаға, Талдықорғанға, Түркияға бардық. Оның бәрі порталмен болды. Бірақ Қызылордада ақылы ем қабылдадық. Қазір тағы да Түркияның Стамбұл қаласында емдетіп көргіміз келеді. Ол жерде қызыма миға оттегі беретін дәрумендер, жақсы укол салып, қарайтын болғандықтан сауықтыруға барғымыз келіп отыр. Жалпы кететін шығынды 2 млн теңге деп есептеп берді.

Отбасымда күйеуім ғана жұмыс істейді. Мен 4 баламен үйдемін. Түске дейін мектепке, түстен соң Алматы қаласындағы сауықтыру орталығында ем қабылдаймыз. Күйеуім үйде жалғыз асыраушы болғандықтан, қазір көп мәселе ақшаға келіп тірелгендіктен, көптен көмек сұрауға мәжбүр болып отырмыз. Осы уақытқа дейін бірде бір рет елден көмек сұрамаған едік", - деді Әселдің анасы.

Қазіргі уақытта қажетті соманың тек 21500 теңгесі жиналған. Перзентінің аяқтан тік тұрып, қатарластарынан қалмауы үшін барын салып жүрген Әселдің ата-анасы жомарт жандардың көмегіне үміт артады.

Кішкентай Әселдің еміне көмектесем деушілер үшін РЕКВИЗИТ:

Kaspi: 4400430115720085

Карта мына номерге тіркелген: +7 707 103 5863 Ирода А.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2092088-komek-surauga-mazhburmiz-almaty-oblysynda-auyr-dertke-shaldyqqan-zheti-zhasar-qyzdyng-emine-shugyl-turde-2-mln-tengge-qazhet/

pixel