Қарағанды облысында бүлдіршін көкжөтелден көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағанды облысында бір бала көкжөтелден қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Халықтың денсаулығы өте әлсіз, тіпті соңғы бірнеше жылда вакцинацияланбаған балалар саны артуы салдарынан індет асқынып кетті.
Ауырғандардың (көкжөтелмен – ред. ескертпесі) 80 пайызы вакцина алмаған. Емі де қиын. Көкжетелдің асқынған түрі өте ауыр өтеді.
Өкінішке қарай, Қарағанды облысында 1 жас 11 айлық сәби көкжетелден көз жұмды", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Еске салайық, бұған дейін 95 қазақстандыққа көкжөтел диагнозы қойылғанын жазған едік. Аталған сырқатпен ауру деңгейі бойынша Астана қаласы, Алматы облысы және Қарағанды облысы көш басында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2115504-qaragandy-oblysynda-kishkentai-bala-kokzhotelden-koz-zhumdy/