jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Қарағанды облысында бүлдіршін көкжөтелден көз жұмды

    Кішкентай бала
    Кішкентай бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағанды облысында бір бала көкжөтелден қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Халықтың денсаулығы өте әлсіз, тіпті соңғы бірнеше жылда вакцинацияланбаған балалар саны артуы салдарынан індет асқынып кетті.

    Ауырғандардың (көкжөтелмен – ред. ескертпесі) 80 пайызы вакцина алмаған. Емі де қиын. Көкжетелдің асқынған түрі өте ауыр өтеді.

    Өкінішке қарай, Қарағанды облысында 1 жас 11 айлық сәби көкжетелден көз жұмды", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

    Еске салайық, бұған дейін 95 қазақстандыққа көкжөтел диагнозы қойылғанын жазған едік. Аталған сырқатпен ауру деңгейі бойынша Астана қаласы, Алматы облысы және Қарағанды облысы көш басында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.