Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда бүлдіршін көкжөтелден көз жұмды: баланың ата-анасы қайғылы жайтқа дәрігерлерді кінәлап отыр

Жарияланған күні:

Әке мен бала
Әке мен бала иллюстрациясы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жақында Қарағанды ​​облысында екі жас шамасындағы бүлдіршін көкжөтелден көз жұмғаны мәлім болды. Сәбидің ата-анасы баланың қазасына дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, бір жас 10 айлық Богдандағы көкжөтел кәдімгі суық тиюден басталып, жөтел барған сайын күшейе түскен.

Баланың анасының айтуынша, жергілікті педиатр оның диагнозын ұзақ уақыт анықтай алмаған: алдымен аллергиядан, содан кейін тұмаудан, кейінірек бронхиттен емдеген.

"Біз сұраған соң көкжөтелге ПТР-сынамасын алды. Өйткені біз оны көкжөтел деп ойладық. Оны антибиотиктермен емдеді – алдымен бір, содан кейін екі, содан кейін үшінші антибиотикпен. Бала әлсіреп, тұра алмай қалды. "Неге МРТ жасатпадыңызыдар?" "Өйткені біз айдың соңында түстік, МӘМС болған жоқ". Миға қан құйылып жатқан жоқ па, соны анықтау үшін ЭЭГ жасатуымыз керек еді, ауруханада маман да, құрылғы да жоқ. Ақылы емханадан құралымен маман алдырдық", - дейді баланың анасы Оксана Нестерова.

Қайғылы жағдай ақпанда болған. Алайда көпшілікке бұл жайт жақында ғана жария етілді.

Бала көз жұмған кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасы ата-анасы баласы ауру жұқтырғаннан кейін дәрігерлерге 27 күннен кейін жүгінгенін айтқан. Сондай-ақ сәбиге екпе салынбағанын атап өткен.

Ал бүгін Богданның ата-анасы көкжөтелге қарсы вакцинация науқанының сәтсіз үлгісіне айналғанын айтып отыр.

"Ауырғандардың (көкжөтелмен – ред. ескертпесі) 80 пайызы вакцина алмаған. Емі де қиын. Көкжетелдің асқынған түрі өте ауыр өтеді.

Өкінішке қарай, Қарағанды облысында 1 жас 11 айлық сәби көкжетелден көз жұмды", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Бала небәрі 900 грамм салмақпен дүниеге келгендіктен, бастапқы кезеңде вакцинациядан босатылған. Бірақ, ата-анасының айтуынша, олар баланы балабақшаға апарғалы жатқандықтан, оған вакцина салдыруды жоспарлаған.

Нестеровтер дәрігерлердің неліктен төрт ай бұрын болған қайғылы жайтты қазір еске салып отырғанын түсінбей әлек. Олар ол кезде баласын аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтады.

"Министр Әлназарова барлық жағдайды білген. Мен оған жазған өтінішімде: "Астанаға ауыстырайық, санитариялық авиация беріңіздер, ақысын төлеймін", - деп жаздым. Қазір елдер жазбаның астындағы пікірде "ата-анасы кінәлі" деп жазып жатыр. Өйткені Қарағанды ​​облысы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ата-анасы кінәлі деп отыр", - дейді баланың әкесі Сергей Нестеров.

Богданның ата-анасы қазір адвокаттар тауып, құжаттар жинап жатыр. Оның ішінде дәрігерлердің өздері берген екпелерден уақытша медициналық босату туралы анықталамар да бар. Олар ауруханалардағы емнің неліктен оң нәтиже бермегенін анықтап, денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктердің түсіндірмесін тыңдауға ниетті.

Дереккөз:

КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2117196-qaragandyda-buldirshin-kokzhotelden-koz-zhumdy-balanyng-ata-anasy-qaigyly-zhaitqa-darigerlerdi-kinalap-otyr/