Павлодар облысында күннің ыстығынан адамдар есінен танып жатыр
Жарияланған күні:
Павлодар облысында аптап салдарынан жедел жәрдем қызметкерлерін шақыру саны күніне 900-ге дейін жетті. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, оларға әдетте күніне 700-ге дейін қоңырау келіп түссе, кейінгі күндері қоңыраулар саны 900-ден асқан. Дәрігерлер бұл тұрғындардың созылмалы ауруларға шалдығуына байланысты дейді.
"Гипертонияға шалдыққан адамдардан, инсульт және жүрек талмасы бар тұрғындардан келіп түсетін қоңыраулар арта түсті. Кейінгі күндері қоғамдық орындардан адамдар есінен танып қалғаны туралы хабарламалар келіп түсе бастады, олардың ішінде қарттар мен жастар да бар", - деді жедел жәрдем станциясы басшының орынбасары Ирина Мищенко.
Медицина қызметкерлері тұрғындарды күн астында көп жүрмеуге шақырды. Сондай-ақ олардың сөзіне сенсек, бас киімдер мен ашық түсті киімдерді киіп, үнемі өзіңізбен бірге су алып жүрген жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2118840-pavlodar-oblysynda-kunning-ystygynan-adamdar-esinen-tanyp-zhatyr/