Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген

Жарияланған күні:

Дәрігерлер
Дәрігерлерлердің ота жасау сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда 6,5 мыңнан астам адам қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына келісім берген. Бұл ретте 90 мыңға жуық қазақстандық трансплантологиядан өз еркімен бас тартқан, деп хабарлайды 24.kz телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна мәліметінше, Қазақстанда 6600 адам қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келіскен.

Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығының басшысы Айдар Ситқазиновтың айтуынша, елімізде қайтыс болғаннан кейін және тірісінде донор болу көрсеткіші аздап өсіп келеді.

Өткен жылдың өзінде, спикердің айтуынша, донорлардың өзінің келісімімен республикада 200-ден астам ота жасалған. Бірақ көптеген адам әлі күнге дейін трансплантацияға сенімсіздікпен қарайтын көрінеді. Ситқазиновтың айтуынша, оған ақпараттың аздығы, сонымен қатар діни және рухани түсінік себеп болып отыр.

Еске салсақ, жақында "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанда мәйіт донорлығына қатысты заңды өзгертуді ұсынғанын жазған едік. Оның пікірінше, елімізде қайтыс болған азаматтардың ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алуға заң рұқсат етсе, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға болады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл риуаяттан дерек келтіре отырып, мұсылман ғалымдары адамның өмірін сақтау немесе ұзарту мақсатында бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі секілді ағза мүшелерін, тіндерді (тіннің бөлігін) басқа организмге ауыстырып салуға рұқсат беретінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2139153-qazaqstanda-qansha-adam-qaitys-bolgannan-keiingi-donorlyqqa-kelisim-bergen/