Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біртүрлі індет": Ақмола облысында ата-аналар балалар арасында өршіген ауруға алаңдаушылық білдірді

Жарияланған күні:

Дәрігер балаға екпелі салып жатыр
Екпе салу сәті. Көрнекі фото: BSIP/Getty Images

Ақмола облысындағы Есіл қаласының тұрғындарын балалар арасында белгісіз аурудың өршуі алаңдатып отыр. Қала тұрғындары дәрігерлер диагноз қоя алмай жатқанын айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фотосуреттер бар жазбаны Instagram-дағы sinegor.kz парақшасы жариялады. Есілде ата-аналар балалар арасында белгісіз дерттің өршуіне алаңдаулы. Аналардың айтуынша, дәрігерлер кішкентай тұрғындарға нақты диагноз қоймай отыр.

"Біртүрлі эпидемия жүріп жатыр. Балалардың денесінде бөртпе пайда болды, қызуы көтеріліп, тамақтан бас тартып жатыр. Аузына да денесіндегідей бөртпелер пайда болды. Көптеген бала балабақшада ауырды.

Арнайы мамандар жоқ. Педиатр қабылдауында болдық, ол жерде бізді ешқандай анализ тапсыруға жіберген жоқ. Антибиотик пен аллергияға қарсы дәрілер жазып берді.

Балабақшадағы танысым бір топта 8 бірдей баланың ауырып қалғанын айтты. Карантин жарияланбады. Ең қорқыныштысы – нені емдеп жатқанымызды білмейміз.

Анализдер алынған жоқ! Алдын ала болжам бойынша, бұл – аллергия немесе стоматит. Не істерімізді білмейміз. Бізге қандай да бір мамандардың жіберілуін қалай талап етсек немесе сұрасақ болады? Бізде дерматолог, ЛОР, тіпті ең қарапайым дәрігерлер жоқ", - делінген жазбада.

Жазбаға қоса денесінде қызыл бөртпелері бар балалардың фотолары берілген.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жазба астында қала тұрғындарының өтінішіне түсінік берді. Олар Есілде энтеровирусты инфекция жұқтыру жағдайлары тіркелгенін атап өткен. Ол ағзаға енген кезде балалар мен ересектерге әсер етуі мүмкін. Бұл қоздырғыштар қызу, диарея, бөртпе, тамақ ауруы және басқа да ауыр жағдайларды тудырады", - деп түсіндіреді дәрігерлер.

"3-9 қыркүйек аралығында жеңіл дәрежелі энтеровирусты инфекция жұқтырған 7 жағдай тіркелді. Қазір төрт бала амбулаторлық емделуде. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

Энтеровирусты инфекция бойынша амбулаторлық ем тағайындалды. Клиникалық түрде расталып отыр. СЭС-ке хабарлама жіберілді", - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2159925-birturli-indet-aqmola-oblysynda-ata-analar-balalar-arasynda-belgisiz-aurudyng-orshuine-alangdaushylyq-bildirdi/