jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Ауырған тұрғындар саны артқан: Түркістан облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы екпе салынады

    Вакцина
    Екпе салып жатқан мейірбике. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 "Гриппол+" екпесін тұрғындарға егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Әкімдіктің сайтында хабарланғандай, жалпы өңір тұрғындарының 12,9 пайызына екпе егу жоспарланған. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.

    "Түркістан облысы бойынша 2024 жылдың 8 айында жіті респираторлық вирустық инфекциясы бойынша (ЖРВИ) 150 227 жағдай тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ ауруын жұқтырған азаматтар саны 43,6 пайызға өскен. Сондықтан да ЖРВИ-ға қарсы иммундау науқаны биыл 1 қыркүйектен басталса, ал тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталды.

    Қазіргі уақытта облыстық қоймаға 50 000 екпе жеткізілген. ЖРВИ және COVID-19 инфекцияларының асқынуларына жол бермеу мақсатында өңір бойынша 1 қазанға дейін екпе жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр", - деп баяндады спикер.

    Ауырған тұрғындар саны артқан: Түркістан облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы екпе салынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.