jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы берілді

    Медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

    Биыл алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы бірден үш медицина қызметкеріне берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылдан бастап құрметті атақтар қатарына "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағы қосылды.

    "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры А.Байгенжин, "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гематология орталығының басшысы В.Кемайкин және Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Б.Цхай жаңа құрметті атақтың алғашқы иегерлері атанды", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, бұған дейін президент Республика күні қарсаңында бірқатар қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

    Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

    Алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.