jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Клиникалық өлім жағдайында болған": Атырауда жедел жәрдем қызметкерлері тұрғынның өмірін сақтап қалды

    жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырауда жедел жәрдем қызметкерлері клиникалық өлім жағдайында болған 72 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды. Жедел жәрдем фельдшерлерінің шұғыл әрі дұрыс іс-әрекеттерінің, жүрек-өкпе реанимациясының нәтижесінде науқастың синустық ырғағы қалпына келтірілді, деп хабарлайды AtyrauPress басылымы. 

    Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы емдеу жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Наргиза Әбдрахманованың айтуынша, 72 жастағы әйел асқазан тұсының ауырсынғанына шағымданып, жедел жәрдем шақырған.

    Шақыртуға Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының №20 бригадасы барған. Анамнез жинау және ЭКГ түсіру кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлап, клиникалық өлімге ұшыраған.

    "Мұндай жағдайларда өмір үшін есеп минуттармен жүреді, өйткені клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады.

    Алғашқы 3-4 минутта көмек көрсетілсе, 90 пайыз жағдайда адамның ағзасын қалпына келтіруге болады. 10 минуттан кейін көрсетілген көмек өмірді сақтап қалуы мүмкін, бірақ бұл уақытта ми жасушалары өлетіндіктен, адам мүгедек болып қалуы ықтимал. Сондықтан осындай сын сағатта барлығы қасындағы адамдардың жылдам әрекетіне байланысты болады", - дейді Наргиза Әбдрахманова.

    Жедел жәрдем фельдшерлерінің шұғыл әрі дұрыс іс-әрекеттерінің, жүрек-өкпе реанимациясының нәтижесінде науқастың синустық ырғағы қалпына келтірілді. Әйелді облыстық кардиоорталыққа "жедел коронарлық синдром" диагнозымен жеткізді.

    "Клиникалық өлім жағдайында болған": Атырауда жедел жәрдем қызметкерлері тұрғынның өмірін сақтап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.