Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: дәрігерлер ауруханаға түскендердің қазіргі жағдайын баяндады

Жарияланған күні:

Дәрігер жұмыс кезінде
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккендердің қазіргі жағдайы және оларға қандай ем-дом жасалып жатқанын баяндады. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 пациент емделуде, оның төртеуі – реанимация бөлімшесінде, екеуі – травматологияда.

"Жағдайы нашарлауы байқалмайды, бір пациент вазопрессорлардан шығарылады және бір зардап шеккен адамның тониктерінің дозасы 3-тен 1-ге дейін төмендетілді.

Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау органдарымен 3 зардап шеккен адамды тасымалдау бойынша мәселелер пысықталуда, оның ішінде 2 адамды тасымалдауға болады, 1-уінің жағдайы ауыр, ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Әзербайжан Республикасынан екі пациентті эвакуациялау мәселесі бойынша дәрігерлермен консилиум өткізу, олардың тасымалдау жағдайындағы жай-күйіне баға беру жоспарланып отыр", - делінген министрлік ақпаратында.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан жинау жұмыстарының қорытындысын бөлісіп, екі күн ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырғанын мәлімдеді.

Оның мәліметінше, Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келсе, Астанада – 600-ден астам адам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда – 40, ШҚО – 34 адам қан тапсырған және басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қарамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2206340-aqtau-mangyndagy-ushaq-apaty-darigerler-auruhanaga-tuskenderding-qazirgi-zhagdaiyn-baiandady/