Жаңа жыл түні отшашудан қанша адам зардап шекті: ДСМ мәлімет жариялады
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі жаңажылдық мереке кезінде пиротехникалық құралдардан қанша адам зардап шеккенін айтты. Бұл туралы министрлік Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Министрлік мәліметінше, пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті. Оның 12-сі стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық емдеуде.
Өңірлер бөлінісінде: Алматы қаласында – 19 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.
"Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдір қабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдауда", - делінген хабарда.
Ведомство өкілдері зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2207975-zhanga-zhyl-tuni-otshashudan-qansha-adam-zardap-shekti-dsm-malimet-zhariialady/