Зектілері

Қазақстанда метапневмовирус өршігені рас па: ДСМ өкілдері үндеу жасады

Жарияланған күні:

Бетперде киіп жүрген жолаушылар
Бетперде киіп жүрген жолаушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігі әлемде жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирустың таралуы туралы БАҚ-тағы соңғы ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Адам метапневмовирусы - көптеген елде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі.

Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген.

Оның ішінде оң 1866 (22 пайыз), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5 пайыз), РС вирусы – 433 (23,2 пайыз), метапневмовирус – 30 (1,6 пайыз), риновирус – 680 (36,4пайыз), бокавирус – 113 (6,1пайыз), аденовирус – 226 (12,1 пайыз), коронавирус – 206 (11,1 пайыз).

"Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы жұғады. Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты ем жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бүкіл әлемдегідей ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеліп отыр", - дейді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, елімізде 2024 жылғы 1 қазанынан бастап республикада ЖРВИ-дің 2 002 335 жағдайы және зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы, оның ішінде А(H1N1) типті тұмаудың 910 жағдайы, А(H3N2)-1 жағдайы, В тұмауының 30 тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады, әсіресе, созылмалы аурулары бар ең осал пациенттер сақ болуы керек.

Тұмау мен ЖРВИ-дің профилактика шаралары:

  • адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
  • үй-жайларды үнемі желдету;
  • қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
  • ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;
  • тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу.
  • ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2208194-qazaqstanda-metapnevmovirus-orshigeni-ras-pa-dsm-okilderi-undeu-zhasady/