jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізілуі мүмкін бе: Есмағамбетова жауап берді

    Бетперде таққан оқушылар
    Бетперде таққан оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық денсаулық орталығының төрағасы Айжан Есмағамбетова метапневмовирусқа қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Жауап жазылған видео орталықтың Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

    Сұқбат барысында Есмағамбетова "Елімізде метапневмовирусқа байланысты карантин шараларын күшейту немесе маска режимін енгізу жоспарланып отыр ма?" деген сұраққа жауап берді.

    "Қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Егер өткен жылғы эпидемия маусымын салыстырсақ, 20 пайызға төмен. Қаңтарда сырқаттанудың өсуі байқалуы мүмкін, кейін ақпан айының ортасына қарай төмендейді.

    Қазіргі уақытта карантин немесе шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ", - деп жауап берді Есмағамбетова.

    Айта кетейік, желіде Қытайда метапневмовирус өршігені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты СҚ "Фармация" өкілдері "Қазақстандағы қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры жеткілікті ме?" деген сұраққа жауап берген болатын.

    Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізілуі мүмкін бе: Есмағамбетова жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.