jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Еңбекке жарамсыздық парағы енді электронды түрде ғана берілуі мүмкін

    Телефон ұстап отырған дәрігер
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: fizkes / Getty Images

    Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады. Атап айтқанда құжатты тек электронды форматқа ауыстыру ұсынылады. Бұйрық Ашық НҚА порталында 3 ақпанға дейін жария талқыға түседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазіргі таңда "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызметі электронды түрде де, қағаз түрінде де көрсетіледі.

    Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі қағаз құжаттарды пайдалануды оңтайландыру және азайту мақсатында аурухана парақтарын және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын мәлім етті.

    "Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық мекемелермен және билік органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдету, сондай-ақ медициналық қызметтердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыру", - делінген хабарламада.

    ДСМ өкілдері бұл өзгерістер қоғамда резонанс тудырмайды немесе теріс талқылау қаупін тудырмайды деп отыр.

    Еңбекке жарамсыздық парағы енді электронды түрде ғана берілуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.