Зектілері

Қазақстанда пациенттің жеке медициналық дерегін сақтау мерзімі өзгереді

Жарияланған күні:

Дәрігер науқасты қарап жатыр
Дәрігер мен науқас. Көрнекі фото: Freepik

Елімізде пациенттердің жеке медициналық деректерін сақтау мерзімі өзгереді. Денсаулық сақтау министрлігі арнайы құжатқа өзгеріс енгізбек, деп хабардайды "Алматы" арнасы.

Оған сай, науқастардың рентген және биомагниттік суреттері, компьютерлік томографиясы, эндоскопия нәтижелері сияқты бірқатар мағлұмат тек 15 жылға дейін сақталады.

"Алматы" теларнасының студия қонағы Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің бас сарапшысы Нұрмахан Мелдеханов бұл өзгерістерге қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.

"Аталған бұйрыққа бірнеше өзгертулер енгізілуде. Оның ең маңыздысының бірі – ол медициналық бейнелердің сақталу мерзіміне қатысты ақпарат. Яғни атап өткенде ересектерге – 10 жыл, 15 жастан жоғары. Ал балаларға 15 жыл, 15 жасқа дейінгі...

Қазіргі уақытта бұл медицинаға қандай жаңашылдық алып келеді? Қазақстанда медициналық бейнелерді регламенттейтін нақты нормативтік құқықты акті болмаған. Біз осы өзгерістерді енгізу арқылы белгіленген тәртіпте регламенттейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын боламыз. Қазіргі уақытта нормативтік құқықты акті талқылауда тұр. Белгілі бір мерзім өткеннен кейін, жобаны қабылдайтын боламыз", - дейді Нұрмахан Мелдеханов.

Маман бұл өзгерістерден медициналық мекемелер мен қызметкерлердің жүктемесі көбейіп кетпейтініне сендірді.

"Медициналық персоналдарға, қызметкерлерге бұл ешқандай ауыртпашылық келтірмейді. Біз керісінше жұмыстарды жеңілдетеді деп күтіп отымыз. Өйткені медициналық бейнелердің сақталу мерзімі регламентте жоқ деп айттым ғой. Қазір олар 20-25 жыл уақыт сақталады. Сонымен қатар медициналық деректер сақталуы – бұл өте маңызды мәселелердің бірі.

Біз бірнеше өзгерту енгіздік. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің 60-бабының 2-тармағына сәйкес, цифрлық денсаулық сақтау субъектілері медициналық деректерді ұлттық денсаулық сақтау паспортына беріп отыратын регламентті аталған бұйрыққа қосып отырмыз. Сондай-ақ осы талаптарды қою арқылы, медициналық деректердің сақталуына қатаң түрде тәртіп енгізілетін болады", - дейді Нұрмахан Мелдеханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2217707-qazaqstanda-patsientting-zheke-meditsinalyq-deregin-saqtau-merzimi-ozgeredi/