jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Ғалымдар бір сүйіскеннен қанша микроб таралатынын анықтады

    : UGC

    Бар болғаны он секунд сүйісуден жұптың бір-бірінің ауыз қуысынан 80 млн бактерий таралады екен, деген пайымымен бөлісті ғалымдар, деп жазады Lenta.ru.

    Сондай-ақ күніне кем дегенде тоғыз рет сүйісетін жұптың ауызындағы микробтар бірдей болып кетеді-міс. Жаңа зерттеудің қорытындысы Microbiome журналында жарияланды.

    Голландиялық ғалымдар, сондай-ақ Амстердамда жақында ғана ашылған "Микропия" микробтар зообағының мамандары 21 жұпқа зерттеу жүргізген. Еріктілер қаншалықты жиі әрі ұзақ сүйісетіндерін көрсетті.

    Сонымен қатар олардың ауыз қуысынан (тіл микрофлорасы мен сілекейінің құрамын анықтау үшін) сілекей үлгілері алынған. Жұптар қаншалықты жиі сүйіссе, олардың сілекейлерінің микробиомдары соншалықты сәйкестенетін көрінеді: күніне кем дегенде тоғыз рет терең сүйіскенде ғана жұптың ауыз қуысындағы микробтар егізденіп кетеді.

    "Ерін мен тілдің қатысуы арқылы жүзеге асатын және ауыз қуысындағы сілекей бір адамнан келесіге алмасатын терең сүйісу – Homo sapiens-тің ерекше қасиеттерінің бірі. Мұндай сүйіс ғаламшар мәденетінің 90%-ында тараған. Біз сүйістің адам микробиомына қаншалықты әсер ететінін білгіміз келді", - дейді зерттеудің басты авторы Ремко Корт (Remco Kort).

    Бактерийлердің сүйіс арқылы таралу деңгейін анықтау үшін қолға алынған зерттеу барысында жұптың бір мүшесі құрамында Lactobacillus және Bifidobacteria бар пробиотикалық сусын ішкен.

    Сынақтық сүйістен кейін ғалымдар жұптың екінші мүшесінің аузында пробиотиктердің саны үш есе асып түскенін аңғарады. Сондай-ақ олар он секундтық сүйісу кезінде бір адамнан келесі адамға 80 млн микроб ауысатынын анықтады.

    Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, сүйісу жиілігі тілдің микрофлорасына үлкен әсер ете қоймайды. Оған адамның өмір сүру салты, азық-түлік тұтыну ерекшелігі мен жеке гигиенасының әсері алдеқайда көп.

    Ғалымдар бір сүйіскеннен қанша микроб таралатынын анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.