jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Коронавирус: Карантинде тұрған круиздік кемедегі Қазақстан азаматтары шағым айтты

    : Instagram

    Жапония жағалауында карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт отандасымыз Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне шағым айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

    Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кемедегі қазақстандықтардың жақсы және барлық қажеттілікпен қамтылған.

    Отандастар тек өздері туралы ақпаратты көп айтпауды сұрауда.

    "Олардың жағдайлары өте жақсы. Ешқандай да шағым айтқан жоқ. Біздің ақпаратқа сәйкес, ол жерде екі әйел және екі немересі бар, 8-12 жаста. Ертең 19-ақпанда карантин бітеді", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

    Белгілі болғандай, төртеуі қауіпті вирустың бар-жоғын анықтау үшін сынама тапсырып, нәтижесін күтуде.

    Карантин аяқталған соң, жолаушыларды кемеден шығару жұмысы басталады. Бұл жұмыс, круиздегі адамдар саны 3 мыңнан асатындықтан, екі күнге жоспарланған.

    Жапония тарапы кемедегі бақылау нәтижесінен соң барлық азаматтарды екінші мәрте тексеріп шықпақ. Егер қазақстандықтардан коронавирус анықталмаса, олар қалаған уақытында елге орала алады.   

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Еске сала кетсек, осыған дейін 3700 жолаушысы бар круиз каранавирусқа байланысты Жапония жағалауында карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.

    Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Диас Ахметшәріптің ақпараты бойынша, кемеде 50 мемлекеттің азаматтары бар.

    Алғашында Diamond Princess кемесінде қытайлық вирусты 174 адам жұқтырғаны анықталған еді. Кейіннен коронавируспен ауыратындар қатары 44 -ке артып, жалпы науқастар саны 218-ді құрады.

    Кейінірек лайнерде төрт қазақстандықтың бар екендігі анықталды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Коронавирус: Карантинде тұрған круиздік кемедегі Қазақстан азаматтары шағым айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.