jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелден келген азаматша коронавирус жөніндегі call-орталықтың жұмысына шағымданды

    : UGC

    Шетелден оралған қазақстандықтар коронавирус бойынша халыққа кеңес беру үшін іске қосылған колл орталықтардың жұмысына наразылық білдіріп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Орталықтардың бірі Сыртқы істер министрлігіне, екіншісі Денсаулық сақтау ведомствосына тиесілі. Шағым білдірушілердің айтуынша, белгіленген телефон нөмерлері нақты ақпарат бермейді.

    Мәселен, Жазира Дүйсембекова орталыққа хабарласып, толыққанды мәлімет ала алмаған. Ол өткен жексенбіде ғана Малайзиядан келген.  

    "Олар маған "сізде ешқандай шектеу жоқ" деп жауап берді. Қалаған нәрсеңізбен айналыса аласыз. Жұмысқа да бара беруге болады деді. Бірақ мен күмәнданып, өзім тіркелген емханаға қоңырау соғып, Малайзиядан келгенімді айттым. Олар сіз карантиндесіз. Ешкіммен сөйлеспеңіз. 2 апта үйде болыңыз. Тіпті, дүкенге бармаңыз деп кеңес берді" , - дейді турист Жазира Дүйсембекова.

    Call-орталыққа Хабар 24 тілшілері де хабарласып көрген. Олардың Жазира Дүйсембековаға қарағанда жолы болып, оператор үй ішіндегілермен қарым-қатынасты шектеу қажет екенін ескертіпті.

    Орталықтағылар оқшаулау мерзімі 14 күн болуы тиіс екенін, жағдайға әркім түсіністікпен, жауапкершілікпен қарау қажет екенін айтқан.

    Десе де, шетелден туыстарымыз келіп жатса, қайтпек керек деген сауалға әзер жауап берген.

    Айта кетейік, дүние жүзі бойынша Қытайды есепке алмағанда, коронавирус тіркелген мемлекеттер саны 64-ке жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінен белгілі болды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Шетелден келген азаматша коронавирус жөніндегі call-орталықтың жұмысына шағымданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.