jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Сағынтаев пен Баталов блок-бекеттердің қалай жұмыс істеп жатқанын көріп қайтты

    : Instagram

    Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге оңтүстік астанаға кіреберістегі блок-бекеттерді тексерді. Ол кезекшіліктің бірнеше ауысым бойынша ұйымдастырылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    сагинта
    Фото: instagram.com/sagintayev.b: Instagram

    Қала басшысы блок-бекеттер туралы ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

    "Бүгін кешкісін Алматы облысының әкімі А. Баталовпен Қапшағай мен Талғар бағыттарындағы және Құлжа трактіндегі негізгі блок-бекеттердің дайындығын тексердік. Барлығы 27 бекет орнатылды. Мұнда полиция мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, фито- және ветеринариялық бақылау департаментінің мамандары қызмет атқаруда.

    Жалпы қызмет көрсету үшін қажеттінің бәрі бар. Кезекшілік бірнеше ауысым бойынша ұйымдастырылып, жүргізілмек. Алматы облысындағы әріптестеріміз республикалық маңызы бар барлық трассалар мен елді-мекендерден шығатын жолдарға қала шекарасынан бес шақырым радиуста қосымша блок-бекеттер қойды. Бұл — облыс тұрғындарына қаланың жабылғаны туралы ескерту үшін жасалған.

    Коронавирус індетінің шегі жоқ. Пандемияға төтеп берудің жалғыз жолы — таралу тізбегін тоқтату. Қаланы жабу – сондай шараның бірі ғана. Қалада жұқтыру ошағы анықталған аймақ бірден оқшаулауға алынады. Қала мен көршілес облыс тұрғындарының назарына тыныштықты сақтап, белгіленген ережені сақтайық дегім келеді", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

    Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Сағынтаев пен Баталов блок-бекеттердің қалай жұмыс істеп жатқанын көріп қайтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.