jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Пияз бен сарымсақ жеймін": Алматы әкімінің орынбасары коронавирустан қалай қорғанып жүр

    : UGC

    Оңтүстік астана әкімінің орынбасары коронавирустан қалай қорғанып жүргенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Пияз бен сарымсақ жеймін": Алматы әкімінің орынбасары коронавирустан қалай қорғанып жүр
    Ерлан Қожағапанов: UGC

    Ерлан Қожағапанов қалада COVID-19 инфекция анықталған бірнеше ошақ бар екенін еске салды. Осыған байланысты, ол алматылықтарға вирустан қорғануға қатысты бірнеше кеңес берді.

    Маман соңғы уақытта пияз бен сарымсақты көп пайдалана бастағанын айтады. Бұл өнімдерде вирусқа қарсы қасиет бар дейді ол. Сондай-ақ, Қожағапанов лимон қосылған жылы суды көп ішкен дұрыс деп есептейді.

    "Күнде пияз бен сарымсақ жеймін, С дәруменін қабылдаймын. Жылы суды лимонмен ішу керек", - деді Қожағапанов.

    Оңтүстік астана әкімінің орынбасары көпшілікке көп ұйықтауға кеңес берді. Осылайша, ағза өздігінен қалыпқа келіп, нәтижесінде иммунды жүйе қатаяды.

    "Толыққанды демалыс маңызды. Көп ұйықтау керек. Сонда ғана иммундық жүйе мықты болады. Біз, өкінішке қарай, олай істей алмаймыз. Бүгін үш сағат қана ұйықтадым. Мен ғана емес, қала әкімдігінің, аудандық әкімдіктердің қызметкерлері қаланың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр", - деді шенеунік.

    Әрине, коронавирустан қорғанудың басты шарасы үйде өз-өзіңді оқшаулау болып қала бермек.

    Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде елімізде коронавирустан қайтыс болған адамдар бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Пияз бен сарымсақ жеймін": Алматы әкімінің орынбасары коронавирустан қалай қорғанып жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.