jitsu gif
Денсаулық

    Қарағанды облысында кафе мен сауда орындары қашан ашылады

    : UGC

    29 мамырдан бастап Қарағанды ​​облысында қоғамдық тамақтану нысандары мен сауда үйлері ашылады. Балабақшалардағы кезекші топтардың жұмысы 1 маусымда басталады. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    иииии
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
    "Біз қазір шағын және орта бизнес иелерінің қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын түсінеміз.
    Сондықтан, біз 29 мамырдан бастап орындар саны отыздан аспайтын қоғамдық тамақтану орындарын, сонымен қатар ойын-сауық орындарын іске қоспай сауда үйлерін ашуды жоспарлап отырмыз. Балабақшалардағы кезекші топтар 1 маусымнан жұмыс істей бастайды", – дейді Қарағанды ​​облысының әкімі.

    Сондай-ақ, 29 мамырдан бастап қонақүйлердің де жұмысы жанданбақ.

    Облыс әкімі Теміртау мен Бұқар жырау ауданындағы эпидемиологиялық жағдайға талдау жасауды және ауру өсімі төмендеген жағдайда осы елді мекендердегі карантин шараларын жеңілдетуді тапсырды.

    Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап аталмыш аудандарға кіруге және шығуға мүмкіндік болады деген болжам бар.

    "Адамдар сауда орындарының, тамақтану орындарының және басқа да нысандардың іске қосылуымен қатар ондағы карантин шараларын да сақтау керегін түсінуі керек. Олар жеке бас гигиенасы мен маска кию тәртібін қатаң сақтау қажет.
    Бұл карантиннен аз шығынмен шығудың жалғыз жолы. Сондай-ақ, бизнес иелері қатаң санитарлық нормаларды сақтап, дезинфекция шараларын жиі жүргізуі керек", – деп толықтырды Жеңіс Қасымбек.

    Еске сала кетсек, Қарағанды облысы Абай қаласының тұрғыны науқасқа мас күйінде келген жедел жәрдем қызметкерлерін видеоға түсіріп алғаны туралы жазған едік.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.