jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Журналист Алматыға қалай кіруге болатынын көрсетті (видео)

    : UGC

    Отандық телеарна журналисі Нұрғали Қарабаев Алматы қаласына ешқандай тексеріссіз кіруге бола ма деген сұраққа жауап табу үшін тәжірибе жасап көрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облысындағы блок-бекетті қалай айналып өтуге болады (видео)
    Видеодан кадр: 31 арна: UGC

    Журналистің экспериментіне "31 арна" редакциясына келіп түскен көптеген хабарлама себеп болған. Онда қала шекарасында рұқсаты жоқ адамдарға қалаға кіруге көмек беретін "көмекшілердің" жұмыс істейтіні жайлы айтылған екен.

    Осыған байланысты, тілші Нұрғали Қарабааев қала шекарасындағы жағдайды жеке өзі тексеріп көруге бел буған.

    Ол "Алтын Орда" маңындағы блок-бекетке келгенімен, "көмекшілерді" кездестірмеген. Оның орнына журналиске дұрыс жол көрсеткен таксист жүргізушісі кезіккен.

    Ол журналиске қалаға кіру үшін құрылыс материалдарын іздеген сыңай танытып, базар арқылы өту керегін, осылайша, халықтың бәрі шығатын қажетті есікке дейін жетуі керек екенін айтады.

    Сюжетте айтылғандай, журналист көптен күткен есікті табады. Онда халық Алматыға кіріп-шығып жатыр. Оған ешқандай кедергі болмаған, тек күзетші маска киюді сұраған.

    Тілшінің сөзінше, блок-бекетте ешкімді тексермейді, тек автокөліктегілер ғана назарға ілінеді. Журналистің өзі де қалаға еш кедергісіз кірген.

    "Алматыдан шығатын және кіретін тұста екі блок-бекеттен өтіп, мегаполиске келу үшін жарты сағат кетті. Қайта оралғанда ешқандай полицей менің кім екенімді, қайда бара жатқанымды, менің рұқсатым бар ма, оған қызығушылық танытпады", - дейді тілші.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов аймақтағы блок посттарды алып тастау туралы шешім қабылданғанын, алайда барлығын емес екенін мәлімдеген еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.