jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолдануда

    : Facebook

    Шымкент қаласында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен БАҚ өкілдері бар. 

    Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолдануда
    Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook
    "Қаладағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, барша қала тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл - уақытша қиындық. Сондықтан сабыр сақтап, саналы түрде өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың амандығы үшін жұмыла күресейік",- дейді маниторингтік топ өкілдері.

    Атап айтар болсақ, бір күндік рейдтік тексеру кезінде бірнеше кәсіпкерге ескерту жасалып, кейбіреулері жұмысын тоқтатты.

    Мәселен, Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық талапты сақтамаған 4 базар мен 32 нысанға ескерту жасалды. Сондай-ақ, қаулыға атүсті қараған бір дүңгіршек пен азық-түлік сататын дүкен жабылды. 

    Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолдануда
    Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook
    • Ал, Абай ауданында 29 нысанға ескерту беріліп, 7 айыппұл хаттамасы толтырылды, 1 компьютерлік клуб жабылды.
    • Еңбекші ауданында мониторингтік топ тарапынан 34 коммерциялық құрылымға ескерту берілді. Сонымен қатар. Карантин режимін бұзған 4 коммерциялық құрылымға хаттама толтырылды.
    • Қаратау ауданындағы 2 базар мен 15 нысанға ескерту шаралары жасалынып, оның ішінде 3 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бір ретсіз саудамен айналысқан  кәскепкерге шара қолданылып, ол сауда нүктесінің жұмысы тоқтатылды. 

    Бұл ретте, кәсіп нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуде олқылық жібермеу қажет.  

    Еске сала кетсек, карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.

    Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолдануда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.