jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Вирус жұқтырған Маңғыстау кен орнының жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жолдады (видео)

    : UGC

    Коронавирус диагнозы расталған Солтүстік Бұзашы кен орнының мұнайшылары жанұялары үшін алаңдап отыр. Айтуларынша, басшылық оларды үйіне қайтармақ. Сол себепті, жұмысшылардың жанұясы мен жақындарына ауру жұқтыру қаупі жоғары. Осы мәселеге алаңдаған жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдап, аталған жайтқа назар аударуды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Вирус жұқтырған Маңғыстау кен орнының жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жолдады (видео)
    Фото: Видеодан кадр: UGC

    Мұнайшылардың айтуынша, вахтаға кірмес бұрын олар COVID- 19 инфекциясына тексеруден өткен. Көпшілігінде тест теріс нәтиже көрсеткен, ал вирус жұқтырғандар карантинге жіберілген деп жазады Lada.kz.

    Яғни, жұмысқа тек дені сау азаматтар кіріскен. Алайда, екі аптадан кейін кейбір мұнайшылар өздерін жайсыз сезініп, жұмысшыларға қайтадан анализ тапсырту туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде коронавирус 95 адамда расталған.

    Жұмысқа кірісерде дені сау болған мұнайшылар вирус ошағы кен орны екенін айтуда. Олардың барлығы аталған жерде емделуге келісіп отыр. Бірақ, олардың сөзінше, бұл үшін ешқандай жағдай жасалмаған. Жатақханалар адамдарға толы, орын жетіспейді.

    Мұнайшылардың сөзінше, енді оларды емделуге үйлеріне қайтарып жатыр. Ал олар жолда басқа адамдармен, ал үйде жанұясымен байланысады. Бұл коронавирус инфекциясының таралу қаупін арттырады.

    Жұмысшылар жағдайдың ушыққанын қаламайды, сондықтан осы мәселеге мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев назар аударса дейді.

    Айта кетейік, өткен тәулікте тағы 547 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 21327-ге жетті.

    Вирус жұқтырған Маңғыстау кен орнының жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жолдады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.