jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда карантин кезінде қыз ұзату жасағандар әшкере болды

    : UGC

    Мониторингтік топ Павлодардағы танымал мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан қыз ұзату кешін тоқтатты. Мейрамхана иелері де, қалыңдық пен күйеу жігіт те ғимараттың қала ортасында орналасқанына уайымдай қоймаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Павлодарда карантин кезінде қыз ұзату жасағандар анықталды
    Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

    Карантин уақытында үзілген мереке жайлы облыс әкімінің бірінші орынбасары айтып берді. Сонымен қатар, Сұңғат Есімханов тиісті қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін тағы еске салды.

    Оның сөзінше, көпшілігі бастапқыда коронавирус қаупіне сенбеген, ал қазір эпидемиологиялық жағдай әр қазақстандыққа әсер етіп отыр.

    Мәселен, 25 маусым күні полицейлерге мониторингтік топпен бірге мейрамханалардың біріндегі тойды тоқтатуға тура келді. Мерекелік кешке тек 45 адам келген. Олар "Қыз ұзату" тойын өткізіп жатқан.

    Салтанатты жиын соңына жеткен жоқ. Енді той ұйымдастырушыға көлемді сомада 280 мың теңге айыппұл төлеу қажет. Облыс әкімі бірінші орынбасарының сөзінше, Павлодар облысында пневмониядан 27 адам қайтыс болды.

    Айта кетейік, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті демалыс күндері 100 және 150 адамға арналған екі ірі тойдың алдын алғанын мәлімдеді.

    Атап айтқанда, сенбі күні әлеуметтік желіде мейрамханаға артқы есіктен кірген жас жұбайлардың суреттері пайда болған.

    Тыйым салынғанына қарамастан үйлену тойын өткізгелі жатқанды білдіретін бұл жазбаны байқап, тәртіп сақшылары мен санитарлық дәрігерлер дереу іске көшкен.

    Әрі қарай жауапкершілікке тарту үшін мекеме иесі мен той ұйымдастырушысына әкімшілік материал жиналған.

    Павлодарда карантин кезінде қыз ұзату жасағандар әшкере болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.