jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан коронавирус жұқтыру бойынша әлемде көш бастап тұр ма: Министр жауап берді

    : UGC

    Денсаулық сақтау министрі The New York Times басылымында жарияланған "соңғы екі аптада Қазақстан коронавирус індетінің таралуы бойынша көш басына шықты" деген ақпаратына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Көрнекі фото: pexels.com
    Көрнекі фото: pexels.com: UGC

    Бұл жөнінде Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

    "Бұндай мониторингті түрлі ұйымдар жүргізеді. Өзім де таныстарымнан Қазақстан қызыл таңбамен белгіленіп, "елімізде өсім жоғары" делінген жүзге тарта сурет алдым. Мұқият оқысаңыздар, ең алдымен ағылшын тілінде жарияланған бұл ақпаратта соңғы 2 аптадағы өсім айтылған.
    • Өздеріңіз білесіздер, біз қазіргі уақытта симптомды және симптомсыз науқастарды қосып, бәрін бірге санайтын болдық.
    • Себебі, симптомсыз екендігіне қарамастан ол пациент вирус таратушы саналады және айрықша назар аударуды қажет етеді.

    Сол себепті аталған тәсілді өзгертудің нәтижесінде вирус жұқтырған пациенттердің саны статистикаға салғанда цифрлық тұрғыда өзгеріске ұшырады", - деді ол.

    Министрдің сөзінше, қазіргі кезде елімізде вирус жұқтырғандар саны күнделікті 1,5 мың жағдайды құрап, тұрақты болып тұр. Яғни, соңғы екі аптаның ішінде елімізде індет жұқтырушылар санының күрт артып кетуі тіркелген жоқ.

    "Бізде бұндай пациенттердің бірқалыпты анықталуы тіркелуде. Симптомды және симптомсыз науқастарды бірге көрсеткеннен кейін алдағы бір екі аптадан кейін статистикалық деректер түзеледі",- деді Алексей Цой.

    Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар 47 171-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 1452 адамнан COVID-19 анықталған.

    Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Алейсей Цой Қазақстанда қауіпті дерттен көз жұмғандардың саны 232-ге жеткенін мәлімдеді.

    Қазақстан коронавирус жұқтыру бойынша әлемде көш бастап тұр ма: Министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.